ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-ның жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен 30 тапсырма.

Міндетті пәндер:

  • Математикалық сауаттылық;
  • Оқу сауаттылығы;
  • Қазақстан тарихы.
  • Математика + Физика;
  • Математика + География;
  • Биология + Химия;
  • Биология + География;
  • Шет тілі + Тарих;
  • Оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + Тарих;
  • География + Шет тілі;
  • Химия + Физика;
  • Тарих + Адам.Қоғам.Заң;
  • Шығармашылық емтихан.

Сауаттылық тапсырмалары талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау сияқты дағдыларын тексеруге бағытталған. Оның ҰБТ-ға енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, салыстыруға және тұжырымдауға қажет деп табылуында.

Бейіндік пәндер:

Бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрағының бірнеше жауап нұсқасы бар, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. 

 

Тестке бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды енгізудегі мақсат – оқушылардың тест сұрақтары мен жауаптарын тек жаттап алып, немесе болжау арқылы белгілеуіне тосқауыл болады.

 

 

Жаңа ҰБТ-ның тапсырмалары қандай болатыны осы жылдың желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

 

 

 

 

ҰБТ-да жалпы саны 120 сұрақ қойылады. Оны шешуге 3 сағат 30 минут уақыт беріледі.

Ең төменгі шек – 50 балл;

Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл

ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 2017 жылдың 10 наурызынан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық.

Сондай-ақ, ҰБТ-дан өте алмай қалғандар үшін ақылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Ол 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.

«Алтын белгі» иегерлері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың,  ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарыҰБТ-дан босатылмайды. Алайда, тапсырған тест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде  басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, 5 халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы гранттар бөлінеді

Айта кетейік, түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі.

 

 

 

BannerFans.com
BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

іздеу