Материалдар

«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Бүгінгі таңда Республикамыздың түкпір-түкпірінде Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып,  жалпы республикалық«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өткізілуде. Бұл игі шара 1 тамыздан бастап қыркүйек 30-ына дейін жүзеге асады. Бұл акция Қазақстан Республикасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бала құқықтары конвенцияны ратификациялауының 20 жылдығына орай жүзеге асырылуда.

Осы қайырымдылық жұмыстары барысында Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінде 19.08.2014жылы ІІІ акция өткізілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзін көресің» деген екен дана халық.  Мұнда мектеп жасындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетілді. Мектеп директоры Абдыхаева Зауреш Мұсабекқызы жиналған балаларға өткізіліп жатқан акция туралы айтып, оларға жылы лебізін білдіріп, алдағы келе жатқан оқу жылына сәттілік тілеп, құттықтады сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясына Байқоныс ауылдық округінің әкімшілік ұжымы ат салысты. Бұл қайырымдылық акциясына белсенділік танытып қатысқан ұстаздар: К.Ж.Абетова , С.С.Кульбаева, А.А.Рамазанов, З.Б.Байтенова, А.М.Рамазанова қол ұштарын берді.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуда.

Байқоныс мектебі

Тәрбиеші      Рамазанова А.М