Материалдар

Жылы лебіздерін білдіруде.

Жылы лебіздерін білдіруде.

         «Бала - адамның бауыр еті» демекші Байқоныс орта жалпы білім беру мектебінің ұжымы жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысады.Биыл да бұл дәстүр өзінің жалғасын табуда.Әрбір баланың жүрегіне жылу беріп,өзінің ыстық ықыласын, мейірімін, шапағатын бала өмірі мен тәрбиесіне арнаған ұстаздар қауымы шын жүректен алғыстарын білдіруде.Тәрбие ісінің меңгерушісі Абилова Сауия Мусабекқызының ұйымдастыруымен мұғалімдер мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен аз қамтамасыз етілген отбасы,көп балалы,қамқорлыққа алынған оқушыларға спорттық киімдер,мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді.

Қайырымдылыққа бет бұрған ұстаздар Нуртазина Б.И,Айгожина С.Е және жеке кәсіпкер Махадилова К.Р. Мектептегі көп балалы және қамқорлыққа алынған отбасы оқушыларына жаппай оқу қорынан спорттық киімдер берілді.Акция өз жалғасын табуда.

Байқоныс орта жалпы білім беру мектебінің

мұғалімі: Алимжанова Б.К

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу