Материалдар

«Волейболдан» кездесу жарысы

2016 жылдың 12 желтоқсан күні, Байқоныс және Песчаное мектебінің кәсіподақ төрайымының ұйымдастыруымен, Песчаное №2 мектебінде Байқоныс, Ынталы және Песчаное мектебі мұғалімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Волейболдан» кездесу жарысы өткізілді. Песчаное №2 мектебі аталған мектептердің мұғалімдер құрама командасын жылы жүзбен қарсы алып, келе жатқан тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, командаларға сәттілік тілей отырып, жарысты бастады.  Жарыс соңында командалар мынандай орындарға ие болды. ІІІ – орынды Ынталы негізгі мектебінің мұғалімдері қанағат тұтты, ІІ – орынды Песчаное №2 мектебінің мұғалімдері ие болды. Ал жүлделі І – орынды Байқоныс мектебінің мұғалімдер командасы иеленіп, қоржынды тағы да жүлделі орынға толықтырды. Байқоныс мектебінің құрама командасы: Алибаев Г.М., Шаку С., Рамазанов А.А., Кудайбергенов Н.К.,Капанова Н.К., Алибаева А.Т.

 

Спорт нұсқаушысы: Алибаев Г.М.

 

 

 

Спорт нұсқаушысы: Алибаев Г.М.

 

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу