4 сынып

 

2017 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық!

 

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарын басшылыққа алу керек. Себебі, ОЖСБ-да жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге бөлінетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады.

 

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндері бойынша оқу бағдарламасына, оқулықтарға сай әзірленеді.

 

Тест спецификациясы тест жоспары мен тестілеу рәсімі туралы толық мәлімет берілген құжат. Ол төмендегідей элементтерді қамтиды: тест мақсаты, міндеттері, тест тапсырмалар мазмұны сипаттамасы (тапсырманың нені тексеретіндігі), тест тапсырмасының орындалуының орташа уақыты, тапсырмалар саны, тапсырма формасы, жеке тапсырмалардың және жалпы жұмыстың бағалануы.

 

Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

 

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

 

  • әр пән бойынша 15 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы;

  • оқу сауаттылығын бағалауға арналған 2 мәтін, әрбір мәтінге 3 тест тапсырмасы.

 

4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

 

математика пәнінен тест - жүктеу    

қазақ тілі пәнінен тест - жүктеу 

BannerFans.com
BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

іздеу